Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚОРҒАЛЖЫН КОМАНДАСЫ - ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗЫ

26.09.2017 3878 0 пікір
ҚОРҒАЛЖЫН КОМАНДАСЫ - ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗЫ

Мүфтияттың бастамасымен еліміздің түкпір-түкпірінде шағын футболдан республикалық жарыстың іріктеу ойындары өтті. ,,Ұлы дала жастары,, деп аталатын бұл турнирдің облыстық біріншілігі өткен демалыс күндері Көкшетау қаласында ұйымдастырылды.

Бұған өз өңірлерінде жүлделі орын алған  он бес команда қатысты. Іріктеу ойындарының ашылуында сөз сөйлеген ҚМДБ-ның Ақмола облысы бойынша өкілі, Науан хазірет мешітінің бас имамы Қуаныш Сәбит спорттың шариғаттағы орны жайлы айтты. Бұл шара мешіт жамағатын бір-бірімен жақындастыра түсетінін атап көрсетті. Жеребі тартылғасын командалар, Қажымұқан,, және ,,Триатлон,, спорт кешендерінде өзара сайысқа түсті. Барлық командалар бабында екенін көрсетті. Бірінің бағы жанса, енді бірінің жеңілістің ащы дәмін татуына тура келді.

Жартылай финалға төрт команда шықты. Сөйтіп, бас жүлде Қорғалжын ауданының теңбіл доп шеберлеріне бұйырды. Қалған жүлделі екі орынды Сандықтау және Ерейментау футболшылары өзара бөлісті. Өкіл  имам жарыстың қортындысын шығарып, жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен ақшалай сыйақыларды табыс етті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру