Алматы қаласы Орталық мешіті мен дін істер жөніндегі басқарманың қолдауымен Алматы қаласының 8 ауданы 21 мешітінде 32 кездесудің кезекті 6 -шы кездесуі Бостандық ауданы “Байкен” мешітінде өтті.
Кездесуде Нұр - Мубарак университетінің докторанты Сейдманов Оралхан Рахматбекұлы, заңгер Айнақұлов Санат Жұмабайұлы, модератор Ағыбаев Берік, әйелдер - қыздар секторының басшысы Ахметова Маржан Оразанбайқызыны, Алматы Орталық мешітінің наиб имамы Әшімов Қасым, алаштың арыстаны, Ұлы Отан Соғысының ардагері Б. Момышұлының келіні, апамыз Ахметова Зейнеп, мешітке жиналған бейім жұрт қатысты.
“Қыз өссе - елдің көркі”, “Қыз бұзылса - ұлт бұзылады” деп халық мақалымен Әшімов Қасым сөз бастап, Ахметова Зейнеп апамыз ұлттық тәрбие, салт - дәстүр мен дінді ұштастыра отырып, болашақ аналар мен келіндерге жазушы ретінде кеңес берді. Өмірде түрткі болатын мәселелермен және өнегелі әңгімелерімен сыр шертті.
Сөз соңын Б. Момышұлының “Халықпен бірге жүріңдер, адаспайсыңдар. Халықпен бірге болыңдар, жалғыз қалмайсыңдар” деген қанатты сөзімен түйінделді. Кездесу соңында мешітте 90 адамға ақ дастархан жайылды.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.09.2017
5021
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру