Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ

ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ

 

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бастамасымен облысқа қарасты Арал ауданында Құран жарысы ұйымдастырылды.

Құран оқу жарысына облыс бойынша 20 шәкірт қатысты.

Нәтижесінде І орынды Қызылорда қаласы, орталық "Ақмешіт-Сырдария" мешітінің шәкірті Бақытжан Ерәли  (100 000 теңге сыйақы), ІІ орынды Қызылорда қаласы, "Қалмұхаммед Ишан" мешітінің шәкірті Көптілеуұлы Нұрмұхаммед (75000 теңге), ІІІ орынды Қызылорда қаласы, орталық "Ақмешіт-Сырдария" мешітінің шәкірті Серік Мақаш (50000 теңге) иеленді.

Жарысқа  қатысушы шәкірттерге 15 000 теңге ақшалай сыйақы үлестірілді.

Қызылорда облысы, Арал ауданы, Аралқұм ауылында Нұрмұхаммедұлы Дүйсенәлі атаның 100 жылдығына орай өткізілген шарада ұрпақтары арнайы ас берді. 

Жарысқа қалалық «Айтбай» мешітінің бас имамы Керімбеков Нұржан Пірәліұлы қатысып, Құран оқудың маңыздылығы туралы уағыз айтып, жарысқа қазылық жасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру