22 қыркүйек – Тілдер мерекесіне орай ҚМДБ-ның Жастар ісі бөлімінің облыстағы өкілдігі облыстық «Руханият» мұражайымен бірлесе отырып, мүмкіндігі шектеулі жандар арасында мәнерлеп өлең оқу байқауын өткізді. Өкіл имам Төлеби Оспанның қолдауымен өткен шараға «Жүректен жүрекке» еріктілер тобының жастары да үлес қосты. Әр үміткерге бір-бірден бекітілген еріктілер .
Қатысушылар «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» деген тақырып аясында ақындардың тіл туралы жазған өлеңдерін оқып жарысты. Әрқайсысы өзге мақам, өзіндік ырғақпен, қара шумаққа жан бітіре өлең оқыған үміткерлердің өнеріне төрешілер де тамсанды. Алла саулықпен сынаса да, көкірек көзін кемтар етпеген, сөз қасиетін терең ұғына білетін сезімталдық берген мүгедек жандар өлеңімен ана тілге деген құрметін, сүйіспеншілігін жеткізді.
Нәтижесінде, мәнерлі мақамымен көптің көңілінен шыққан Жақып Алмат есімді бауырымыз байқау жеңімпазы атанса, Гүлім Құрманбаева ІІ орынды, Шынболат Исағалиев жүлделі ІІІ орынды иеленді. Облыстағы жастар ісі бөлімінің өкілі Асылхан Темірханов өнерімен ерекшеленген өрендерді Мадақтамамен, мешіт атынан бағалы сыйлықтармен марапаттап, барлық белсенділік танытқан жандарға алғысын білдірді.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
25.09.2017
4129
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру