Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбелік қажыларға ас берілді

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 25.09.2017 3200 0 пікір
Ақтөбелік қажыларға ас берілді

Бүгін Ақтөбе өкілдігі жуырда бесінші парыз құлшылығын атқарып келген ақтөбелік қажылардың құрметіне дастархан жайып, қасиетті сапардан қарсы алды.

Шара басында өкіл имам Төлеби Оспан жерлестеріміздің құлшылығы қабыл болсын деген тілегін айтып, Алла құзырында қабыл етілген қажылықтың сыйы жәннат екендігін жеткізді.

Дәм басында қажылар қасиетті сапардан алған әсерлерімен бөлісті. Олардың қатарында жасы сексеннен асса да, өз қайрат-күшімен Қағбаны қайтара айнала тауаф етіп, қажылықтың барлық рәсімдерін толық атқарған, аптап ыстыққа да Жанқожа ақсақалдың әңгімесі көпшілікті ерекше тебірентті. Кезінде қой бағып, шаруашылықпен айналысқан атаның бұл мықтылығының сыры, сірә, тынымсыз еңбекте жатқан болар. Апа-әжелеріміз де көздеріне жас алып, имандарын рухани толыстырған сапардың сәтті болғанын айтты.

Қажылар компаниялардың биылғы қызмет көрсету сервисіне жоғары баға берді. Шатыр ішіне желдеткіштер қойылып, арнайы кілем, төсеніштердің, матрацтардың әзірленуі, қонақ үйлердегі қонақжайлылық пен тегін ас-сумен үздіксіз қамтамасыз ету – биылғы қызметтегі жаңа прогресс десе болады. Әсіресе, діни басқарманың төл компаниясын ерекше атап кеткен қажылар зор ризашылықтарын білдірді. «Тауаф Travel» деген атаумен алғаш іске қосылған бұл компания биыл 300 адамға қызмет көрсетті.

Қажылар Меккеден әкелінген зәмзәм суы ен әжуа құрмаларынан өзгелерге ауыз тидіртіп, Алланың қонағы болу бақыты бұйырсын деген ізгі тілектерін жеткізді. Шара соңында Құран аяттары оқылып, ақсақалдар бата берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру