Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АҚТӨБЕДЕ СОТТАЛУШЫ РАДИКАЛДЫ ПІКІРІНЕН БАС ТАРТТЫ

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 25.09.2017 4030 0 пікір
АҚТӨБЕДЕ СОТТАЛУШЫ РАДИКАЛДЫ ПІКІРІНЕН БАС ТАРТТЫ

Ауыр қылмысы үшін Ембі қаласындағы түзету колониясында жазасын өтеуші радикалды көзқарасынан қайтты.

Оның пікірін өзгертіп, тәкфирлік ұстанымынан бас тартуына Смайыл Сейітбековтің «Мәзһабтар тарихы» атты кітабы тікелей себеп болған. Абақтыда жатып, аты аталған кітапты 4 рет оқып шыққан ол бүгінде білімсіздіктің кесірінен діни үкімдердің бірқатарын жаңсақ түсініп, қателескендігін мойындап отыр.

Сотталушымен тұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келе жатқан теолог, имам Ерболат Жүсіповтің айтуынша, азамат осы күнге дейін намаз оқымағанның бәрін кәпір деп айыптап келген. Алайда, құнды кітаптан уаһабилік ағымның қалай пайда болғаны жайлы оқығаннан кейін қателіктеріне нақты көз жеткізген. Нәтижесінде ол бірбеткейлігінен қайтып, қазір тәкфирлік ұстанымынан толықтай бас тартып отыр. Дінге жаңадан бет бұрушы өзге жастардан өз қателігін қайталамауын өтінген ол соқыр сенімнің соңынан көзсіз еріп кетпей, кез-келген жағдайда білімге жүгінуге кеңес береді.

Жазасын өтеушімен әлі де Ақтөбе имамдары түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру