ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Р.Султановтың ұйымдастырумен 2017 жылы 22 қыркүйек күні Орал қалалық «Тәжиден Батырұлы» мешітінде ақшам намазынан кейін РАНТ мүшесі Б.Отарбаев «Бір мазхабты ұстану қажеттілігі», «Жамағаттың бөлінбеуі, ауызбіршілік» турасында уағыз-насихат айтты. Артынша қатысушылар сұрақтар қойып, тұщымды жауаптарын алды. Жиналған жамағат ықыласпен тындап, ризашылықтарын білдірді. Қатысушылар саны – 40 адам.
Сол күні Орал облыстық орталық мешітінде құптан намазынан кейін сағат 01:00-ге дейін РАНТ мүшесі Б.Отарбаев жамағатпен кездесті. Кездесу орыс тілінде сұрақ-жауап түрінде өтті. Кездесу барысында «неке және талақ мәселесі», «ақида мәселесі» кеңінен қозғалды. Жиналғандар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды. Бұл кездесу нәтижелі, жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар саны – 80 адам.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі
25.09.2017
3388
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру