ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігі мен Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы мешітінің ұйымдастыруымен аудандық достық үйінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен және Ғұламалар кеңесінің бекітуімен жарық көрген жерлеу рәсімін барлық жерде бірізділікке түсіру мақсатында жазылған «Жаназа және жерлеу рәсімі» атты кітабының тұсаукесері және түсіндіру бойынша аудандық деңгейде ауданаралық имамдар (А тобы) арасында семинар өтті
БҚО бойынша өкіл имамы Сұлтанов Руслан Тыныштықұлы мен РАНТ мүшесі Отарбаев Бауыржан Болатжанұлы қатысты. Сөз басын Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы мешітінің Бас имамы Абдрахманов Мейрамбек Ақылбекұлы ашты. Семинар барысында «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабы талқыланып түсіндірілді.
Жиынға қатысқан Бөрлі, Шыңғырлау, Теректі, Қаратөбе, Жымпиты, Зеленов, Тасқала аудан имамдары мен молдалары және Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының зиялы қауым өкілдері мен ақсақалдар, алқа мүшелері «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабы жайлы ойларын ортаға салды. Кітапта қазіргі қоғамда көп талқыланып жүрген «қабір басына кесене тұрғызып, белгі қою», «мұсылман зиратының талаптары мен қағидалары», «діни жоралғыларды бір жүйеге келтіру» сынды мәселелердің қамтылғандығына оң пікірлерін білдірді.
Өкіл имам өз сөзінде «Бұл кітап Ғұламалар кеңесінде 2 жыл қаралып, дайындалды. Кітапта жаназаға қатысты үкімдер топтастырылды. Қайтыс болған кісіні жерлеу, құдайы ас пен садақа берудің әдебі жан-жақты қамтылды. «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабын шығарудағы негізгі мақсат – еліміз бойынша діни рәсімдерді бір ізге келтіру, ысырапқа, шариғатқа қайшы әдеттерге жол бермеу» екендігін баса айтты. Семинарға қатысушыларға «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабының бірнеше данасын сыйға тартты.
Дөңгелек үстел барысында тілшілер мен зиялы қауым өкілдері өз ұсыныстарын айтып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіретке алғыстарын білдірді.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі
22.09.2017
4065
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру