Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған өңіріне жаңа өкіл имам тағайындалды (ФОТО)

ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша, баспасөз қызметі 22.09.2017 5890 0 пікір
Талдықорған өңіріне жаңа өкіл имам тағайындалды (ФОТО)

Алматы облысы Талдықорған өңіріне жаңа өкіл имам тағайындалды.

Қасиетті жұма күні, ҚМДБ-шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Шоханов Сансызбай қажы Құрбанұлы жаңадан тағайындалған өкіл имамды мешіт жамағаттарына таныстырып, бұйрығын оқып, жұма намазының уағызын жүргізді.

Жаңадан тағайындалған өкіл имам Оразбаев Ардақ Нүсіпханұлы осы уақытқа дейін Талдықорған өңірі бойынша 1-наиб имам болып қызмет атқарған болатын. Алла жаңадан тағайындалған өкіл имамның ісіне береке бергей!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру