Қыркүйек айының 21-і күні Павлодар облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде қала, аудан имамдарының кезекті басқосуы өткізілді. Күн тәртібінде жат ағымдар бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесі тілге тиек болды. Өкіл имам Н.Исенов діни ахуалдың күрделі екендігін, жат ағымдардың тынбай өздерінің идеялогиясын таратып жатқандығын және оның қаншалықты қауіп туғызатыны жайлы әңгімеледі.
Басқосуда осы тарапта атқарылып жатқан іс-шаралар пысықталды, алдағы бағыт-бағдар нақтыланды, имамдарға нақты әрі тиісті тапсырмалар жүктелді. Атап айтқанда, ағымдардың қателіктерін паш етуші бейнетаспа материалдар дайындау және тарату, «Хикмет-ТВ» өнімдерін тиімді пайдалану және насихаттау, діни сауат ашу курстарын жандандыру, діни уағыз-насихат жұмыстарын күшейту қатарлы іс-шараларды үздіксіз жүргізу мешіт имамдарына жүктеліп, тұрақты есеп беріп тұру тапсырылды.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі
22.09.2017
3300
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру