Жақсылықта күш біріктірген Мәртөк жамағаты жақында жаңа мешіттің құрылыс жұмыстарын қолға алды. Қайырымды жандар мен жергілікті кәсіпкерлердің, аудан тұрғындарының жәрдемімен кірпіші қаланып жатқан құлшылық үйі мешіттің қазіргі қолданыстағы ғимаратының жанынан бой көтеруде.
Жақында аудан әкімі Нұржан Қалауов және ақсақалдардың қатысуымен мешіттің алғашқы тасын қалау рәсімі өткізілген болатын. Аталмыш шарада сөз сөйлеген аудан басшысы өз ықылас-ниетімен оң бастама көтерген жамағатқа ризашылығын жеткізіп, барша жерлестерді сауапты іске үлес қосуға шақырды. Бүгінде қызу жүріп жатқан құрылыс жұмыстарына «Атамекен» еңбек жасағындағы жастар да жәрдемдерін тигізіп, атсалысуда.
Мешіт салуға байланысты ардақты Пайғамбарымыздан (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) мынадай хадистер жеткен. Оның бірінде: «Алланың разылығын іздеп, мешіт тұрғызған жанға Алла Тағала Жәннаттан үлкендігі дәл сондай зәулім үй тұрғызады» - деп келеді. Ендеше, сауабы үзілмей, ақыретке дейін амал дәптеріңізге жазылып тұратын жақсы істің жанынан табылуға асығайық.
Мешіт құрылысына қаржылай жәрдемдесемін деуші азаматтар болса, төменде көрсетілген есепшот нөміріне аударсаңыздар болады. Алла баршамыздың ізгі амалдарымызды қабыл қылынған құлшылықтардан етіп, мол сауаптардан бұйырғай.
"ҚР ардагерлер ұйымы" ҚБ Мәртөк аудандық филиалы:
БСН (БИН) 990941012481
БСК (БИК) KPSTKZKA
KZ 79563D350000064858
КБе 16







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
20.09.2017
3772
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру