Қажыларға сәтті қадам тілеп, дұға жасаған Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұров, қасиетті сапардың сауабы туралы ой қозғады.
«Қажылық – мұсылмандар үшін сабыр мен талпынысты үйрететін мектеп. Қажылық мектебі мұсылманға үздіксіз ғибадат жасату арқылы, нәпсінің тізгінін тартады, адамдарды сыйлауға, сыпайылық танытуға, имандылыққа баулиды. Қажылық сапары барысында ешбір қайтарымсыз мал жұмсау, Алла үшін не нәрсені болса да шығындау парасаты өседі. Жақсылық пен жамандықтың арасалмағы бағамдалып, Алланың дұшпаны мен досының ақ-қарасы ажыратылады» деген Батыржан қажы Берденұлы мәртебелі меймандармен пікір алысты. Емен-жарқын сұхбат құрған жамағат арасында әсіресе, қажылыққа тұңғыш барғандар өз әсерлерін әдемі жеткізіп жатты.
Айта кетелік, биыл Атыраудан қасиетті сапарға аттанған қажылардың саны отызға жетті. Қажылардың өзара бас қосуына жергілікті тұрғын Әли Қадырұлының да айрықша үлес қосқанын атап өткен жөн.
.jpg)
.jpg)
.jpg)

.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
19.09.2017
3186
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру