Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданының орталығындағы «Миғраж» мешітінің алдында Ақтау қалалық «Боевое братство» қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен «Отанды сүю—иманнан» деген тақырыпта жастарға арналған қызықты шара өтті.
Аудандық «Ар-Рахман» мешітінің бас имамы Айдос Жамбылұлы бүгінгі таңда қоғамды алаңдатқан жат діни ағымдар туралы айтып, жастарды Отанын сүюге үндейтін әңгіме өрбітті. Сонымен қатар жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу және нашақорлық пен есірткіге тәуелді жастарды қоғамдық өмірге бейімдеу жайлы да сөз қозғалды.
Қатысушылардың барлығына құрмет көрсетілген игі шара соңында «Ар-Рахман» мешітінің бас имамы Айдос Муталиев «Бауыржан Момышұлы» медалімен марапатталды.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
19.09.2017
5157
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру