Құрбан айт қарсаңында Алматы өңірінде 150-ге жуық қасапшы оқу-семинардан өтіп, арнайы сертификатпен марапатталды. Сонымен қатар, ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның «Қасапшылық сауапты һәм жауапты іс» атты оқу-семинары еліміздің бірнеше қалаларында да атап өтілді.
Қасапшыларға кездесу барысында Құрбан айт кезіндегі малды сою, шариғат жолымен сою бойынша және тазалық сақтау шаралары, арнайы орындардың болуы басты назарда екендігі жеткізілді.
Сонымен қатар, құрбандыққа шалынатын малға зәбір көрсетілмеу керек екендігі де ескертілді.
Одан бөлек қасапшылар мал союдың тәртібімен де жете таныстырылды.
Айта кетсек, «Қасапшылық сауапты һәм жауапты іс» атты семинарға қатысушы қасапшылардың саны одан әрі артып келуде. Кездесу соңында қасапшылардың білімдері сыналып, емтиханнан өткен қасапшыларға ҚМДБ "Халал Даму" ЖШС-ның арнайы сертификаты табысталды.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ "Халал өнімдерін стандарттау" бөлімі
18.09.2017
3494
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру