Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ИСЛАМ ИНСТИТУТЫ: ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА – ЖАҢА КІЛЕМ (ФОТО)

Байжұма Әбдісамат, Ислам институтының әдіскері 14.09.2017 4207 0 пікір
ИСЛАМ ИНСТИТУТЫ: ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА – ЖАҢА КІЛЕМ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру Ислам институты жаңа 2017-2018 оқу жылын бастады. Жаңа оқу жылында еліміздің түпкір-түпкірінен 250-ден астам дін қызметкері біліктілігін жетілдірмек.

«Биылғы жаңа оқу жылы қарсаңында институтымызда дайындық жұмыстары жүргізілді. Институтымыздың кітапхана қоры институт атынан жарық көрген ақида мен фиқһ мәселелері бойынша бірнеше кітаптармен толықты. Сонымен қатар, институт ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ғимаратта орналасқан намазханалар мен дәріс бөлмелері жаңа кілемдермен жаңартылды. Мақсат – дін қызметкерлерінің толық білім алуына жағдай жасау», – деп атап өтті Ислам институтының директоры Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы.

Айта кетейік, «қыркүйек-қараша, 2017» оқу легіне еліміздің алыс-жақын аймақтарынан 57 мешіт қызметкері білімін шыңдауға шақырылған. Бүгінде, имамдардан қабылдау емтиханы алынып, білім көрсеткіштері бойынша «жоғары» және «жалғастырушы» деген екі топқа бөлініп, тәлім алуға кірісті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру