ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы өкілдігінің қолдауымен қолға алынған жоба жүйелі түрде өз жұмысын атқарып келеді.
Мұнайлы аудандық, Атамекен ауылдық мешіті және «Миғраж» мешіттерінің ауласына арнайы орындар әзірленіп, кәдеге жарайтын ерлер, әйелдер және балалар киімдері тапсырылуда. Осы күнге дейін 1000-ға жуық отбасыға қайрымдылық жасалып, киім кешектер үлестірілді. Мешіттен көмек алатын жандар дән риза болып өз алғыстарын білдіруде.
Құран Кәрімде Алла Тағала: «(Ей, Мұхаммед!) ...Қайыр – садақа ретінде не берсеңдер де өздерің үшін (жақсы болады). Не берсеңдер де, тек Алланың разылығы үшін берулерің керек. Ізгілік жолында не жұмсасаңдар да, соның бәрі өздеріңе толық қайтарылады және сендер әділетсіздіккке ұшырамайсыңдар (яғни, сауаптарыңды толық аласыңдар)»,-дейді.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
13.09.2017
4323
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру