ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде студенттерге дастархан жайылды. Шараға «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы арқылы Шығыс Қазақстанның жоғарғы оқу орындарына Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарынан келіп білім алып жатқан студенттер қамтылды.
Игі істі ұйымдастырушылар: «Біз осы іс-шараға «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы арқылы Өскеменге келіп білім алып жатқан студент жастарды қамтып отырмыз. Олардың хал-жағдайын сұрап, жергілікті жерге үйренісуіне арнап осындай бастаманы қолға алдық. Мақсатымыз - білім іздеп келген жастарды қолдау болып табылады», - деп атап өтті.
«Серпін» бағдарламасымен әр өңірден келген студенттерге бұдан былай да облыстық мешіт тарапынан көмектесіп тұру жоспарланып отыр.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
12.09.2017
3756
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру