Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған жұбайымен бірге Астана қаласындағы ресми іссапары аясында республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітін зиярат етіп шықты. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевпен өткізген кездесуден кейін еліміздің Бас мешітіне ат басын тіреген түрік басшысы бесін намазын оқып, құлшылық ордасымен танысып қайтты. Қадірлі қонағымызды күтіп алу рәсіміне Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы да қатысып, өз құрметін білдірді.
Қазақы дәстүрімізге сай кездесу барысында түрік басшысының иығына шапан жабылып, айрықша құрмет көрсетілді. Қазақ халқының қонақжай пейіліне ризалығын жеткізген Реджеп Ердоған республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіне арнайылап әкелген Құран кітабын тарту етті. Бұдан кейін, ізгі ниеті мен ризалығын «Әзірет Сұлтан» мешітінің «Тілек кітабына» түсірген Түркия президенті күллі қазақ еліне өз алғысын білдіретінін жеткізді.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
muslim.kz
12.09.2017
4787
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру