Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЖАС ЖАНҰЯЛАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ДӘРІПТЕЛДІ

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 11.09.2017 4088 0 пікір
ЖАС ЖАНҰЯЛАРҒА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ДӘРІПТЕЛДІ

Елбасы Жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісі "Отбасы күні" болып бекітілген болатын. Мерекеге орай Ақтөбе өкілдігі  мешітте неке қидырған жас жанұялардың басын қосып, «Мерейлі отбасы» тақырыбында рухани кездесу өткізді.

Шара басында облыстың өкіл имамы Төлеби Оспан барлығын мерекемен құттықтап, отбасы құндылықтарына, жанұядағы сүйіспеншіліктің сақталуы, ерлі-зайыптылардың міндеттері, неке ұғымы, ғұсыл алу, талақ, бала тәрбиесі сынды бірқатар өзекті мәселелерге тоқталды. Соның ішінде, жарасымды жанұя болу зор жауапкершілік жүктейтіндігін айта келе, отбасылық кикілжіңдерде ашуға бой алдырмай сабыр сақтау, жарың не жолдасыңның бойындағы кемшіліктерге кеңшілікпен қарау керектігіне мән берді.

Шараға қаладағы әйелдерге арналған діни сауат ашу орталығындағы Әжелер мектебіне мүше апалар да қатысып, қазақы дәстүрімізден шашу шашты. Баланы бесікке бөлеу тәртібін түсіндіріп, баланы түрлі зиянкес микробтардан қорғау мақсатында бөлмесіне адыраспан тұтату сынды іс-әрекеттердің астарына үңілдірді. Дәстүр мен діннің сабақтастығы  паш етілген шарада Мүслім есімді бөбегіміздің құлағына азан шақырылып, ат қою рәсімі де жасалды. Елінің қамын жейтін қайсар азамат болып өсуін тілеп, дұға етілді.

Бұдан кейін қатысушыларға әлеуметтік бейнероликтер көрсетіліп, олардың тақырып аясындағы пікірлері тыңдалды. Әртүрлі ситуациялық сұрақтар қойылып, отбасы мүшелерінің арасында дұрыс мәміле болуы керектігін ұғындыру, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған семинар-тренингтер ұйымдастырылды. Жас жанұялар толғандырған сауалдарын ортаға салып, жауап алды.

Кездесу соңында жас жанұяларға естелік ретінде «Дін мен дәстүр», «Исламдағы жанұя» кітаптары сыйға берілді. 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.56.48 17

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.56.48 19

 

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.56.48 5

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.56.48 18

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.56.48 13

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.56.48 14

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.56.48 15

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.56.48 3

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.56.48 4

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.56.48 7

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.56.48

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.56.48 1

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.56.48 16

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.56.48 8

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.56.48 9

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.56.48 10

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.56.48 11

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.56.48 12

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру