ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облысы Өскемен аймағы мен Семей өңірінің имамдары Астана қаласына арнайы сапарлап, ЭКСПО халықаралық көрмесін тамашалап қайтты.
«Елімізде өтіп жатқан осындай аса ірі шараны имамдарымызға әдейі көрсетіп, тамашалатып отырмыз. Бұл біздің діни қызметкерлеріміз үшін елеулі, әсерлі оқиға болды деп ойлаймын. Әлем алдында Елбасымыздың көшбасшылығымен Тәуелсіз отанымыздың жеткен ірі жетістіктерін қолдау біздің басты міндетіміздің бірі» - деп атап өтті, ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы.
ЭКСПО көрмесіне барлығы 60-тай дін қызметкері барды. Оларға өкілдік тарапынан арнаулы автобус жалданып, жолда ішетін ас-су т.б. қажеттіліктеріне қаржы бөлінді. ЭКСПО-ны тамашалаған діни қызметкерлер көрмені асықпай аралап, өздерінің тамаша әсер алғандықтарын жеткізіп, әсіресе еліміздің «Нұрлы әлем» павильонына таңданыстарын жасыра алмады.
Сонымен қатар олар сапар барысында Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітімен танысып, зиярат етті.
Имамдардың Астанаға сапары мәнді де, мағыналы болды.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
11.09.2017
3382
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру