Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сарыағаш ауданы, Құркелес ауыл округі Құрбан айтты қалың ел болып тойлады.

Сарыағаш ауданы, Құркелес ауыл округі Құрбан айтты қалың ел болып тойлады.

Құркелес ауыл округінің тұрғындары 3-4 жылдан бері Құрбан айт мерекесін жоғары деңгейде атап өтуді дәстүрге айналдырып отыр.

Биылғы жылғы мерекені жергілікті әкімдік, ауыл имамы Ділмұрат Ниязов, аудан депутаты Қайрат Пердекулов бірлесе ұйымдастырып, мейрам салт-дәстүрімізбен сабақтастырылып, жоғары деңгейде аталып өтті. Айтулы мерекеге аудан әкімі Қайрат Абдуалиев, аудан имамы Б.Қалдаров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Сүлейменов, қаланың төбе биі Р.Оспанов, депутаттар, мекеме басшылары, Құркелес ауыл округіне қарасты 1500 астам ауыл халқы қатысты.

Мерекелік шараға арнайы келген «Асыл мұра» өнер орталығының майталмандары көрініс, діни әндер, айтыс ұйымдастырды. Жеті киіз үй тігіліп, дастархан жайылып ас берілді. Құрбандыққа шалынған малдың еті мұқтаж отбасыларға таратылды. Аудандық спорт бөлімінің ұйымдастыруымен алаңда жамағаттың арасында спорттың түр-түрінен сайыстар өткізілді. Атап айтқанда қол күрес, арқан тарту, гір тасын көтеру, тоғыз құмалақ т.б.

Жарыста оза шауып, қарсылыстарын жеңген жеңімпаздарға мешіт тарапынан арнайы сыйлықтар таратылды. Бұл мерекеден балалар да тыс қалмады. Олар үшін батуттар орнатылып, бүлдіршіндер де мол қуанышқа кенелді.

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру