Алматы қаласында Құрбан айт мейрамы мерекелік көңіл-күйде өткізілді.
Алматы қаласында құрбандық орындары алдын ала тағайындалып, мұқтаж отбасылар мен кемтарлар, жетімдер және қарттар үйлері секілді мекемелерге арналып 25 ірі қара, 1717 қой малы сойылды. Жиналған 35 тоннаға жуық ет 5945 отбасы мен қатар 35 мекемеге табысталды.
Биылғы Құрбан айт мерекесі жылдағы үрдіспен мешіт аулаларында «Айт» намазынан кейінгі мерекелік іс-шара мен ұлттық спорт ойындарына ұласты.
Намаздан соң жамағат түрлі спорттық ойындарға қатысып, бағалы сыйлықтар ұтып алып жатты. Жамағат жыл сайын Құрбан айт пен Ораза айт мерекекелері сағынтарлық мерекеге айналып келе жатқандығын тілге тиек етті.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.09.2017
3183
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру