Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам қарттарды Құрбан айтпен құттықтады

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 07.09.2017 3410 0 пікір
Өкіл имам қарттарды Құрбан айтпен құттықтады

Айт мерекесінде қаладағы Қарттар үйіне бас сұққан өкіл имам Төлеби Оспан және «Қабақ баба» мешітінің бас имамы Руслан Елемесов қазыналы қарттарды, аталар мен асыл әжелерді мерекемен құттықтады.

Қарттардың құрметіне дастархан жайылып, құрбандыққа шалынған малдың етінен мерекелік ас әзірленді. Өкіл имам қарияларды мерекемен құттықтап, дендеріне саулық, бастарына амандық тіледі. Айттың қасиеті мен шарапаты, адамды мейірімділікке шақыратындығы туралы айтып, мағыналы сұхбат құрды. Құран оқылып, қариялар қол жайып бата беріп, кішілердің көрсеткен сый-құрметіне ризашылықтарын білдірді.

Дәл осындай игі шараны Темір аудандық «Досжан ишан» мешітінің жамағаты да ұйымдастырды. Кеңқияқ ауылдық мешітінің бас имамы Адаев Нұрлан және темірлік жамағат Ақтөбе қаласындағы қарттар үйін зиярат етті. Қайырымдылық көмек ретінде 120 кг ет, 750 дана тұрмысқа қажетті гигиеналық заттар берілді.

Мұндағы қарттармен кездесіп сұхбаттасқан жамағат олармен бірге бильярд та ойнады. Көңілін аулап, мерекенің мейірім ескен лебін сезіндірді. 

WhatsApp Image 2017 09 02 at 15.54.08

 

WhatsApp Image 2017 09 02 at 15.53.59

 

WhatsApp Image 2017 09 02 at 15.54.02

 

WhatsApp Image 2017 09 02 at 15.54.05

 

WhatsApp Image 2017 09 02 at 15.54.15

 

WhatsApp Image 2017 09 02 at 15.54.13

 

ҚАРТ ТЕМІР 4

 

ҚАРТ ТЕМІР 5

 

ҚАРТ ТЕМІР 1

 

ҚАРТ ТЕМІР 2

 

ҚАРТ ТЕМІР 3

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру