Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ауыл, аудан, қалалық мешіттер Құрбан Айт қарсаңында (ФОТО)

06.09.2017 4540 0 пікір
Ауыл, аудан, қалалық мешіттер Құрбан Айт қарсаңында (ФОТО)

Қалалық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде

Облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті Құрбан Айт қарсаңында шалынған қой еттерінен әрқайсысына 6-8 кг ет салынған қорапшаларды 130 отбасына үлестірсе, қалалық «Самал» сауықтыру орталығына 50 кг қой етін табыстады.

Қалалық «Ақмешіт» мешітінде

Құрбандықтан жиналған 70 кг қойдың етін мүгедек балаларға арналған «Самал» орталығына  қайырылдылық ретінде берілді. Келесі күні Құрбан айттын құрметіне Алия Сайлауовна атты апайымыздын Арника деген мүгедек қызына емге Астана қаласына баруға 10 000 теңге көмек берілді.

Қалалық «Бижан» мешітінде  

Қайырымдылық жасау барысында бірінші қыркүйек жұма күнінде «Бижан» мешіт ұжымы, Павлодар қаласының тұрғыны әлеуметтік жағдайы төмен 13 намазхан отбасыға мешіт атына ет беріліп, балаларға балмұздақ таратылды. Келген жамағатқа Құрбан айт жайында уағыз-насихат айтылды. Құрбан айттың үшінші күнінде «Бижан» мешітінің ауласында 50 адамаға ас берілді.

Қалалық «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінде

«Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің ұйымдастыруымен Құрбан айттың алғашқы күні мешітке айт намазына келген жамағатқа ас беріліп, уағыз айтылды. Сондай-ақ, тұрмысы төмен 5 отбасына 7 киллограмнан құрбандық еті таратылды.

Успен ауданында

Құрбандықтың еті жағдайы төмен отбасыларға, жалғыз басты аналарға көпбалалы отбасыларға таратылды.  Жалпы 150 килі ет таратылды. Бір адамға 7 келіден бастап он киліге дейн таратылды. Ал айттын үшінші күні мешіт алдына ауыл тұрғындарына мерекелі шара ұйымдастырылды.   Келген халыққа ас беріліп женімпаздарға қаржылай сыйлық берілді. Осы шараны өткізуге аудан кəсіпкерлері қаржылай көмек көрсетті.  

Лебяжі ауданында

35 отбасына мешіт атынан ет таратылды.

Железин ауданында

Айттың бірінші күні мешіттің алдында киіз үйде мерекелі дастархан жайылып ас берілді. Железин аудандық мешітке адамдар қойларын тапсырды, біреулері толық кейбіреулері жарты қойдың етін берді. Железин ауылының мұқтаж 10 отбасына құрбан еті мен азық-түлік  таратылды. Сол сияқты Есқара ауылында сегіз қой құрбанға шалынды, 1-2 қойдың еті таратылды және басқа ауылдар да ет таратты.

Екібастұз  қалалық мешітінде

1. Қыркүйек айының 1-шы жұлдызы Құрбан айттың бірінші күнінде «Екібастұз» қалалық  мешітінің қасында қасапхана ашылды. Қасапхана мал соятын орныны Екібастұз қаласында орналасқан «Богатырь-Көмір» ЖШС–ның басшылары, «Екібастұз» қалалық мешітіне қайырымдық көмек ретінде, Құрбан айтта Екібастұз қаласының тұрғындарына  мал союға ыңғайлы болу үшін салып берді. Қасапхананың ашылуына Екібастұз қаласының әкімі Қайрат Теміршотұлы, «Богатырь-Көмір» ЖШС-ның басшысы Серік Құдысбекұлы, «Екібастұз» қалалық мешітінің Бас имамы Отарбаев Бауыржан  және Құрбан айтқа жиналған Екібастұз қаласының тұрғындары қатысып, ең алғашқы «Екібастұз» қаласының мешітінің имамы Исхақ қажы ақ батасын берді. Бірінші болып қасапханада Екібастұз қаласының әкімі Қайрат Теміршотұлы екі сиыр,  «Богатырь-Көмір» ЖШС-ның басшысы Серік Құдысбекұлы  құрбандыққа  бір сиыр шалып, Екібастұз қаласында орналасқан балалар үйі және т.б. жерлерге құрбандықтың етін таратты. Кейін үш күн бойы Екібастұз қаласының тұрғындары өздерінің құрбандықтарын шалуды жалғастырды. 

2. Құрбан айт мерекесіне арналып «Екібастұз» қалалық мешітінің ауласына жылдағыдай әдет бойынша ЖШС «Богатырь» басшылары киіз үй тікті. Мешітте жамағатпен айт намазы оқылып болғасын, намаздан шыққан мұсылман қауымы осы арнайы тігілген киіз үйге кіріп Құрбан айттың құрметіне жайылған дастархандардан шай ішіп, дәм татты. Айт намазына арнайы келген жамағаттар мешіт тарапынан жасалған осындай дәстүрге сай іс-шараларға дән риза болып алғыстарын айтып жатты. «Екібастұз» қалалық мешітінің қыздар тобының шәкірттері киіз үйлер алдында жиылған қауымға жәрмеңке ұйымдастырды.

3. Қыркүйек айының 1 жұлдызында Құрбан айттың бірінші күні айт намазы оқылғаннан кейін мұсылман қауымы құрбандықтарын шалып, құрбан айт күндері Алла Тағалаға ең жақын қылдыратын амалдарын жасауға кірісті. «Екібастұз» қалалық мешітінің ұйымдастыруымен алдын-ала әкімшіліктен рұқсат алынған мясокомбинат жалпы Екібастұз қаласының тұрғындарына қызмет көрсетті. «Екібастұз» қалалық мешітінің шаруашылық меңгерушісі Ержан Мусинов жылдағыдай ғұрып бойынша мешітке жиылған еттен зағиптар мекемесіне 45 адамға арнап және 20 мұқтаж отбасыларына құрбан еттерінен қайырымдылық шара ретінде үлестіріп берді.

Ақсу ауданында

Қасиетті мерекенің  бастауы болған айт намазын оқып, Алладан дұға-тілек тілеу үшін жиналған жамағаттың қарасы қалың болды. Ақсу қаласы мешітінің бас имамы Әдбімүтәліп Омаров құрбан айт мерекесінің маңыздылығын, осы күндерде құттықтады: - Діни мереке Елбасының Жарлығы бойынша 2005 жылдан бастап, мемлекеттік деңгейде аталып өтіп келеді. Құрбан айт достық пен татулықтың мерекесі. Құрбан айт баршаңызға құтты болсын. Алла Тағала отбасыларыңызға бірлік-береке берсін, - деген өзінің ақ тілегін білдірді Ақсу қаласының әкімі  Нұрлан Шайхслямұлы.

Бұл күні Ақсу қалалық  мешітінің алдында арқан тарту, асық ойыны, қазақша күрес  сынды спорттық ойындардан сайыстар өткізіліп, сыйлықтар таратылды.  Мешіт тарапынан 500-ден аса адамға дайындалған палаудан келген қонақтардың барлығы ауыз тиіп, өз ризашылықтары мен батасын беріп кетті.

Құрбан шалушыларға мешіт маңында арнайы орын дайындалып, 60-қа жуық қой, 3 ірі қара мал құрбандыққа шалынды. Алла разышылығы үшін шалынған құрбандық еті мұқтаж адамдарға таратылуда.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру