Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Айт күні балғындар алғашқы қадамдарын басты

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 05.09.2017 3212 0 пікір
Айт күні балғындар алғашқы қадамдарын басты

Ақтөбе қаласындағы әйелдерге арналған діни сауат ашу орталығындағы мереке мерейлі сәттермен тұспа-тұс келіп, бұл күні үш бірдей балғынның тұсауы кесілді. Бес бірдей тәлім мектебі құрылған, өткен мен бүгіннің, үлкен мен кіші буынның арасындағы сабақтастықты сақтаған орталықта Айт күні осылай атап өтілді.

Нұржанова Әсия әжеміз бастаған жасы үлкен апаларымыз баланы бесікке бөлеу, тәй-тәй басып, жүруге талпынған балғынның тұсауын кесу сынды төл дәстүрімізден өнеге көрсетіп, оның барысын баяндап, түсіндіріп берді. Ал шараға атсалысқан «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешіті мен қалалық орталық мешітінің шәкірттері мұндағы бес бірдей тәлім мектебінен үйренгендерін ортаға салды.

Қазы-қарта, ірімшік, тары мен талқан, бауырсақ пен жеті шелпегіміз сынды ұлттық тағам түрлерінен ортаға дәм ұсынылып, әжелеріміз көненің көзіндей сақтап келген, ғасырлық тарихы бар, ою-өрнекті, ағаш ыдыстардан ас берілді. Айтекенова Гүлсім әжеміз қазақы үлгіде тігілген құрақ көрпелерін көрсетіп, көзайым етіп, әр түрлі қолөнер бұйымдардан көрме ұйымдастырылды. Көпшілікті төл өнерімізбен көзайым еткен әжеміздің тиянақтылығы тамсандырды, таңқалдырды.

Мерекелік шараға арнайы барған облыстық дін істері басқармасының басшысы Жолдас Қалмағанбетов және облыстың өкіл имамы Төлеби Оспан көпшілікті қасиетті мерекемен құттықтап, ізгі ілтипаттарын білдірді. Дін мен дәстүрдің сабақтастығын насихаттап, ұрпақ бойына ұлттық және ислами құндылықтарды сіңірген ұстаздарымызға, жаулықты апа-әжелерімізге ризашылықтарын жеткізді. Сондай-ақ, орталық жұмысына сәттілік тіледі.

WhatsApp Image 2017 09 01 at 15.59.13

 

WhatsApp Image 2017 09 01 at 16.01.53

 

WhatsApp Image 2017 09 01 at 16.02.01

 

WhatsApp Image 2017 09 01 at 16.02.06

 

WhatsApp Image 2017 09 01 at 17.03.22

 

WhatsApp Image 2017 09 01 at 17.03.22

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру