Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстауда Құрбан айт тойланды

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 04.09.2017 3666 0 пікір
Маңғыстауда Құрбан айт тойланды

 Мұсылман қауымының қасиетті «Құрбан айт» мерекесі Маңғыстау облыстық мешітінде жоғары деңгейде аталып өтті. Айт намазына жиналған жамағатты облыс әкімі Ералы Тоғжанов құрбан айттың басталуымен құттықтады.

ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы Смайыл Сейітбеков «Құрбан айттың тарихы мен маңызы» тақырыбында уағыз айтты. Таңертең сағат 7:30-да оқылған айт намазына келген халық саны жылдағыдан да көп болды. Мешіттің іші-сырты лық толып, мұсылмандар облыс имамына ұйып, намаздарын оқыды.

Ел бірлігі мен тыныштығы үшін дұға еткен имамға жиылған жамағат қол жайып, Жаратқанға шүкір айтысты. Айт намазы аяқталғаннан кейін жұртшылық бір бірін жамырай құттықтап, айттан айтқа аман жетейік деп тілек тілесті. Облыс басшысы да өз кезегінде құрбандығын мешіт ауласындағы арнайы орында шалып, Құран оқытып, бата жасатты.

Мешіт ауласына тігілген киіз үйлер есіктерін айқара ашып, қонақтарын күтті. Облыс әкімі бастаған қонақтар арнайы жайылған айт дастарханның қонағы болып, артынан Қазақстан Халықы Ассамблеясының Маңғыстау филиалы тіккен киіз үйден дәм татты.

Мешіт жанындағы алаңда спорттық шаралар легі өтті. Ұлттық ойындар дәріптеліп, қазақша күрес, арқан тарту, асық ойындарының көркін қыздырған шараларды қала тұрғындары қызыға тамашалады. Спорттық жарысқа қатысқан барлық қатысушылар мен жеңімпаздарға облыстық мешіт тарапынан бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру