Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мешіттер жамағаты волейбол ойнап жарысты

"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі 04.09.2017 3637 0 пікір
Мешіттер жамағаты волейбол ойнап жарысты

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансуровтың бастамасымен Атырау қаласындағы мешіттер жамағаты арасында волейбол ойынынан жарыс болып өтті.

Атырау қаласындағы Нұрсая мөлтекауданының спорт кешенінде өткен жарысқа жамағат асқан белсенділікпен қатысты. Нәтижесінде "Әт-Тақуа" мешітінің жамағаты бірінші орынды иеленді.

Екінші және үшінші орынды "Құспан молла" мен "Қ.Мұңайтпасұлы" мешіттерінің жамағаты бөлісті. Бас жүлдені иеленген Әт-Тақуа мешітінің жамағатына сиыр малы сыйға тартылды.

Топ мүшесіндегі алты адам жүлдені бөлісіп, сиыр малы етінің жарты бөлігін мұқтаж жандарға таратты. Құрбан айт мерекесіне орай ұйымдастырылған спорттық шара осылайша қайырымдылыққа ұласты.

Айта кету керек, жүлделі орын иелерінің барлығына бағалы сыйлық табыс етілді. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру