Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

300 отбасыға ет таратылды

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі. 04.09.2017 3390 0 пікір
300 отбасыға ет таратылды

Қасиетті Құрбан айт мерекесі күні орталық «Иманғали» мешітіне келген жамағат аулаға сыймай жатты. Түс ауа 300 мұқтаж отбасыға құрбан малының еті таратылды.

«Өздеріңізге белгілі, қазір мешіт аумағында мал сойылмайды. Ал, таратылып жатқан етті құрбан шалған ағайындар өздері әкелуде. Қазір мешіт тізімінде көмекке зәру 300 отбасы тұр. Құрбан айт құрметіне орай, әр отбасыға 5кг ет таратылуда» деп атап өтті орталық «Иманғали» мешітінің бас имамы Батыржан Мансуров. Айта кету керек, ұлық мереке үш күнге созылады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру