Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Құрбан айттың кешіндегі көңілді шара

ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі 04.09.2017 3333 0 пікір
Құрбан айттың кешіндегі көңілді шара

Құрбан айттың алғашқы кешінде Талдықорған қаласына қарасты «Қаратал» жағалауында айттық игі шара аталып өтілді.

Ізгі амалдың мақсаты - халықтың көңілін көтеріп, Құрбан айттың қасиетін сезіндіру еді. Мешіт атынан арнайы шараға  жоспар жасалынып, өкіл имамның құттықтау сөзінен кейін, оқушыларға шарлар таратылды.

Әртүрлі ойындар ойнатылып, жеңімпаздарға ойыншықтар, сыйлықтар берілді.

Кешкі кездесуде концерттік бағдарлама от шашу сынды көріністер жасалды. Сонымен қатар, 350 балаға мешіт атынан бал шекерлі балмұздақтар тегін таратылды.

Мешіт имамдары мен ұстаздарына дән риза болған бүлдіршіндердің қуаныштарында шек қалмады.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру