Қасиетті Құрбан айт барша қауымның ортақ мерекесі. Айттық сұраған балғындар тәттіге бір қарық болса, жастар да бас қосып, той тойлады. Науан хазірет мешітінде "Құрбан айт құтты болсын!" деген тақырыпта арнайы бағдарлама ұйымдастырылды. Дастархан басында студенттер қауымы қасиетті Айттың тағылымына қанықты.
Мешіттің жастар бөлімі ұйымдастырған сауалнамаларға жауап беріп, спорттық жарыстарға белсене қатысты. Жеңімпаз болғандары арнайы сыйлықтарға ие болды.
Жалпы мешіттің негізгі жамағатын жастар өкілдері құрайды. Сондықтан оларға арналып осындай шаралар алдағы уақытта да жиі ұйымдастырылады.
ҚМДБ-ның Ақмола облысындағы өкілі, Науан хазірет мешітінің бас имамы Қуаныш Сәбит өз сөзінде жастар елдің ертеңгі тірегі, қоғамның да белсенді көшбасшысы екенін атап көрсетті. Осындай имани тойлар адамдарды ортақ мүддеге жұмылдырады. Бүгінгі той соның бір айғағы іспеттес.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Науан хазірет мешітінің баспасөз қызметі
04.09.2017
3521
0 пікір







+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру