Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Құрбан айт Сәтбаев қаласында тойланды!

01.09.2017 4244 0 пікір
Құрбан айт Сәтбаев қаласында тойланды!

Қасиетті Құрбан айт мерекесінде Сәтбаев қаласында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Сәтбаев қаласының дін сұрақтары бойынша ақпарат және кеңес беру орталығы мен Б.Балқыбайұлы атындағы орталық мешіттің ұйытқы болуымен мешіт жамағатына арналған айт шайы берілді. Айт шай барысында мешіт жамағатының белсенді мүшелерін бас имам Қондыбай қажы Акпаров марапаттап, алғыс білдірді. Мешіт ауласындағы спорттық сайыстар үлкен қызығушылық тудырды.

Сайыс бойынша анықталған жеңімпаздар: 

18 жасқа дейінгі жастар арасында 16 кг кір тасын көтеруде:

I орын – Қазкенов Абылайхан (72 рет)

II орын – Отаров Еркебұлан (71 рет) 

III орын – Ғабитұлы Жандос (61 рет)

Ересектер арасында (+18) 24 кг кір тасын көтеруде:

I орын – Қазкенов Абылайхан (54 рет)

II орын – Ахмедия Алмаз (53 рет) 

III орын – Бегенов Асан (47 рет)

Қол күресінен (армрестлинг) болған болған мықтылар сайысында:

I орын – Бегенов Асан

II орын – Құсайнов Қайрат 

III орын – Отаров Еркебұлан

Арқан тартыс сайысында:

I орын – «Самат» тобы

II орын – «Весовая» тобы 

Жамағаттың белсенділігі жоғары деңгейде танылып, «қой көтеру» сайысы болды. Дода ережесіне сәйкес йығындағы қоймен ең көп отырып-тұрған азамат жеңімпаз атанып, сол қойдың иесі болады. Үлкен қызығушылық туғызған сайыстың жеңімпазы болып Қайрат Есқалиев (130 рет) танылды.

Жоғарыда көрсетілген барлық сайыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Сәтбаев қаласының дін сұрақтары бойынша ақпарат және кеңес беру орталығы атынан сыйлықтар берілді.

Сонымен қатар, 1 қыркүйек күні Б.Балқыбайұлы атындағы орталық мешіттің ұйымдастыруымен мешіт ауласында киіз үй құрылып, таңнан кешке дейін қала тұрғындарына айт шай берілді және балаларға арналған тегін батут қойылды.

Мешіт ұжымы Құрбан айттың барлық күндерінде де қала тұрғындары тарапынан әкелініп жатқан құрбандық еттерін аз қамтылған, көмекке мұқтаж адамдарға үлестіруге.

Құрбан айт мерекесіне орай маршруткалық автобустар 1 қыркүйек күні сағат 07.00-дан 11.00-ге дейін қала тұрғындарын тегін тасымалдады.  

Алла Тағала баршамыздың айттан айтқа аман жетуімізді жазсын, ағайын! Келешегімізді кемел, жүзімізді жарқын етсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бірлігіміз бекем, бауырымыз бүтін болсын! Құрбан айт мүбәрак болсын!

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру