Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматылықтар құрбан айтты қалай атап өтуде? (ФОТО)

Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі 01.09.2017 3729 0 пікір
Алматылықтар құрбан айтты қалай атап өтуде? (ФОТО)

Алматы орталық мешітінде айт намазы оқылып , арты мерекелік іс-шаралармен жалғасты. Намазға 20 000-ға жуық адам қатысты. Намаз соңында қала имамы Нұрбек Ауезханұлы еліміз, жұртымыз үшін дұға жасап, айттан айтқа аман-есен жетуді тіледі.

Намаздан кейін мешіт ауласында қошқар палуан, асық ату, арқан тартыс, қол күрес сынды спорттық шаралармен қатар  ұлттық өнер де көрсетілді. Сондай-ақ, мешіт жанында арнайы тігілген шатырда кезегімен 1000 адамға арналып ас тарқатылды. Спорттық шаралардың жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар таратылды. Бұл іс-шараларға көзайым болған жамағат пен қала қонақтары мерекелік көңіл-күймен тарқасты.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру