Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шығыстағы Құрбан айт (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 01.09.2017 4044 0 пікір
Шығыстағы Құрбан айт (ФОТО)

Ұлық мейрам құрбан айттың таң арайымен таласа көк күмбезді Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітіне қаланың әр шетінен Құрбан айт мейрамын асыға күткен жамағат ағыла бастады. Мешітке кірген жамағаттың жүздерінен Құрбан айтқа деген сағыныш лебі есіп тұр.

ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы жамағатты ұлық мерекемен құттықтады. Ол өз сөзінде Тәуелсіздіктің арқасында қайта жаңғырып, бүгінде Елбасымыздың қолдауымен мемлекеттік мейрам деңгейіне көтерілгенін айта келе, Құрбан айттың қайырымдылық пен ізгілік мерекесі екендігіне тоқталды. Сөз соңында: «Елімізге амандық, жұртымызға тыныштық, отанымызға бейбітшілік тілеймін, Құрбан айт құтты болсын» - деп, жамағатқа ізгі тілегін жолдады.

Айт намазы оқылған соң Құрбан шалу рәсімі мен облыстық мешіттің алдындағы алаңда мерекелік шаралар басталды.

Өскемендегі құрбан шалатын арнайы орындарда халықтың қарасы биыл тіптен мол болды. Құрбан шалатын орынның реттілігіне айырықша назар аударылды.

Мұнда ақ шаңқан киіз үйлер тігіліп, жамағатқа тегін бауырсақ таратылды. Мешіт алдында арқан тарту, қол күресі секілді ойындар ойнатылып, жыр, терме  шырқалды.

Осылайша, Алтай аясындағы қалың қазақ Құрбан айт мейрамын береке мен бірліктің мейрамы ретінде тойлап жатыр.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру