Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

140 отбасының балдырғандарына оқу құралдары тапсырылды

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі.  01.09.2017 3325 0 пікір
140 отбасының балдырғандарына оқу құралдары тапсырылды

 «Мектепке жол» акциясы аясында 140 отбасының балаларына оқуға қажетті құрал-жабдықтар салынған сөмкелер тапсырылды. «Иманғали» орталық мешітінде өткен қайырымдылық шарасында жалғыз басты, аз қамтылған, көп балалы отбасылар қамтылды.

Мұқтаж жандарға жан жылуын сыйлаған Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық «Иманғали» мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров ізгі іске жамағаттың тікелей ықпал етіп отырғандығын айтты.

 «Басқаға қол ұшын созуды, материалдық көмек көрсетуді біреулер шығын, желге ұшқан қаражат деп ойлауы да мүмкін. Әсте олай емес. Жаратушы Иеміздің тарапынан әрбір жұмсалған жәрдемнің қайтарымы болатыны жайында айтқан уәдесін ұмытпауымыз керек. Қасиетті Құрандағы: «Жақсылықтың сыйы тек жақсылық қана емес пе?» («Рахман» сүресі 60-аят) деген сөздер осыны меңзейді» деген бас имам Батыржан Мансұров Алла ризалығы үшін жақсылық жасаудың сауабы мол екендігін айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру