Университеттің оқытушы-профессорлық құрамы құнды мамандармен толығуда.
"Күллі мұсылман әлемінің ұлық мерекесі, қасиетті Құрбан айт құтты болсын! Бұл халқымыздың өмірінде ерекше орын алатын, сонау кеңес заманында да өз мәнін жоғалтпай ел арасында барынша сақталып келген мереке. Дәл қазір бірнеше мыңдаған отандастарымыз қасиетті Меккеде қажылықтарын өтеп, еліміз, халқымыз үшін дұға-тілектерін жасауда. Біз де оларға тілеулестік білдіріп, әрбір Алла жолында құрбандық шалып, құлшылық етушінің мінәжаттары қабыл болсын демекпіз," - деді "Нұр-Мүбарак" университетінің проректоры, профессор Шамшәдин Керім мырза ұстаздар мен қызметкерлер ұжымына.
Мемлекеттік әнұранмен басталған жаңа оқу жылының алғашқы жиыны жақсы жаңалықтарға толы болды. Себебі, биыл "Исламтану" мамандығы бойынша 192 талапкер мемлекеттік грант иегері атанды. Ал магистратура, докторантура бөлімдеріне бөлінген мемлекеттік грант жылдағыдан екі есе көп. Осының барлығы "Нұр-Мүбарак" университетіне мемлекет тарапынан зор үміт артып отырғандығының айғағы.
Проректор Ш.Керім мырза университетке жаңадан қосылып жатқан білікті ұстаздармен таныстырып өтті. Олардың арасында әйгілі "әл-Азһар" университетінің докторлық дәрежесіне ие болған алғашқы қазақ азаматы Құрманғазы Садыбаев, сондай-ақ Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқытушысы, ғылым докторы, профессор Қайрат Затов та бар.
Университет жатақханасы Алматы қаласы бойынша жоғары оқу орындары арасында "ең үздік" санатында болса да, жаңа оқу жылына жаңа жиһаздар, студенттерге қажетті жабдықтармен жабдықталды. Алдағы уақытта еңбекақыны жақсарту мәселесі де сөз болды. Жақсы жаңалықтардан тың серпіліс алған университет ұжымы жаңа оқу жылын сенімді қадаммен қарсы алмақ.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
"Нұр-Мүбарак" университетінің баспасөз қызметі
01.09.2017
3655
0 пікір


+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру