Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қасапшылар бірыңғай формамен қамтылды (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 31.08.2017 3331 0 пікір
Қасапшылар бірыңғай формамен қамтылды (ФОТО)

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі ұлық мерекені реттілікпен, тәртіппен бір жүйемен өткізу үшін көптеген іс-шаралар жоспарлап, жүзеге асыруда.

 Биылғы Құрбан айтта мал соятын орынның реттілігіне баса назар аударылды.

Құрбан шалатын орында даяшылық жасайтын адамдарға, қасапшыларға облыстық «Халифа Алтай» мешітінде арнайы жиын ұйымдастырылды.

 «Биыл мал соятын қасапшыларға бірыңғай форма киім кигізіп отырмыз. Сонымен қатар оларға малды халал сою туралы арнайы дәріс берілді. Құрбан айт мейрамын жоғарғы деңгейде өткізу басты парызымыз» - деп атап өтті шараны ұйымдастырушылар.

 Жиынға қатысқан 70-тен астам қасапшыға арнайы киім таратылды.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру