Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС КОНСУЛ ҚАЖЫЛЫҚ МИССИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

www.muftyat.kz 31.08.2017 3629 0 пікір
БАС КОНСУЛ ҚАЖЫЛЫҚ МИССИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

Қазақстанның Сауд Арабия Корольдігі Жидда қаласындағы Бас консулы Талғат Шалданбайұлы Мекке қаласында орналасқан Қазақстан Қажылық миссиясының бас кеңсесінде болып, атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты.

Миссия жетекшісі Бейбіт Мырзагелдиев Медициналық қызмет көрсету орталығының жұмысымен таныстырып, қажылардың денсаулығы 24 сағат бойы жіті бақылауға алынғанын мәлімдеді. Сонымен қатар гид мамандары мен дәрігерлерге миссия өкілдері ұдайы бағыт-бағдар беріп отыратын атап өтті. Стационарлық кабинетті аралаған Бас консул миссия жұмысына сәттілік тілеп, консулдық қолдан келген көмекті кез келген уақытта көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру