Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодардағы «Мектепке жол» (ФОТО)

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі 30.08.2017 4244 0 пікір
Павлодардағы «Мектепке жол» (ФОТО)

Әр оқу жылының қарсаңында ҚМДБ-ның мешіттері тарапынан атқарылатын дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық іс-шарасы биыл да өз жалғасын табуда. Бұл игі шара кеңінен жалғасын тауып, оған Павлодар облысындағы барлық қала, аудан, ауыл мешіттері  өз үлестерін молынан қосып келеді. 

ҚМДБ-ның тапсырмасын жүзеге асыру аясында "Мәшһүр Жүсіп" орталық мешітінің  ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы болып өтті.

Шараға қатысқан наиб имам Қанат Қабдыкәрімұлы мен Хасан Ташайұлы жиналған оқушыларды келе жатқан Құрбан айт мейрамымен құттықтап, биылғы оқу жылы мұсылмандардың қасиетті мерекесімен сәйкес келгенін атап өтті. Оларға білім алудың маңыздылығы жайлы тілге тиек етіп, оқуда озат болып, болашақта еліміздің өркендеуі үшін адал қызмет жасауға шақырды.  

Сонымен қатар мешіт тарапынан жасалатын қамқорлықтың мәнін түсіндіріп, бүлдіршіндерге жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, қашанда жақсылықтың жаршысы болып, қайырымдылық шараларына белсене атсалысып жүрген  кәсіпкерлер мен қызметкерлерге, жыл сайын дәстүрлі түрде оқушылардың мектеп дайындығына үлесін қосып жүрген қажы аталар мен апаларға алғысын жеткізді.

Жалпы шара аясында Павлодар облысы бойынша қала, аудан  мешіттерінің ұйымдастыруы арқылы көпбалалы, жалғызбасты аналар, тұрмысы төмен отбасыларға көмек қолы созылып, барлығы 178  балаға мектеп сумкасы мен мектеп құрал жабдықтары және мектеп киімдері үлестірілді. Бұл шарада Ақсу, Железин, Баянауыл ауданы мешіттері және қалалық «Ақмешіт» мешіті, «Бижан» мешіті, «Әбу Бәкір сыддық» мешіттері өзгелерге үлгі болды.

Жиын соңында дәстүрімізге сәйкес, 80 жасқа келген мецанат апамыз Бақытжамал қажы  Елеукенова батасын беріп, балалар мен ата-аналар өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру