Шығыс Қазақстан аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы Ермек қажы Тасболатұлы қасиетті мерекеге дайындық барысы жайлы айтып, жоспарлармен бөлісті.
– Құрбан айт мерекесінде үш күн бойы құрбандыққа шалынған малдың еті жиналып, үшінші күні жағдайы төмен отбасыларға таратып беруді көздеп отырмыз. Ағымдағы жылы алғаш рет осы мерекеге орай қалалық ипподромда жүлде құны 1 млн теңге құрайтын бәйгеден жарыс өткізіледі. Тек бәйге емес, тазы жарысы, аударыспақ сынды жарыстар да жүргізіледі, – деді Ермек қажы Тасболатұлы.
Құрбандық шаламын деушілерге қала шетіндегі Шығыс ауылының маңынан арнайы орын бөлінеді. Ол жерге қоқыс жәшігі қойылып, таза су жеткізіліп, барлық қажетті жағдайлар жасалмақ.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
29.08.2017
3455
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру