Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Семей аймағы бойынша өкілі, "Қос мұнаралы" орталық мешітінің бас имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлының ұйымдастыруымен аталған мешітте «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті.
Шараны өткізудегі басты мақсат - көпбалалы отбасыларға әлеуметтік тұрғыдан қамқорлық көсету. Осының нәтижесінде балалар жаңа оқу жылына даярлықпен бармақ. Бұл жолғы шара да осыны мақсат тұтты. Шараға 150-дей адам қатысты.
ҚМДБ Семей аймағы бойынша өкілі, Семей орталық мешітінің Бас имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы игілікті шараның маңыздылығына тоқталып, оның төл дінімізде де сауапты амал екендігін, жас шағында мейірім көрген баланың есейгенде де айналасына қамқор көзбен қарап, мейірімді болып өсетінін айтып өтті.
Қаламыздағы мешіт имамдары мен жамағат бұл акциядан тыс қалған емес. Бұл жолы да мешіттердің ат салысуымен оқушыларға арналған сөмкелер, оқу құралдары табыс етілді. Аз қамтылған отбасылар үшін бұл сыйлықтар үлкен көмек екені белгілі. Келген ата-аналар өз ризашылықтарын білдіріп: «Әрбір істеген игі амалдарыңыз сауапқа толы болғай», — деп ақ тілектерін жаудырды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Семей "Қос мұнаралы" орталық мешітінің баспасөз қызметі
28.08.2017
4585
0 пікір



















+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру