Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Құрбан айт қарсаңында БАҚ өкілдерімен кездесу өтті.

Семей "Қос мұнаралы" орталық мешітінің баспасөз қызметі. 28.08.2017 3866 0 пікір
Құрбан айт қарсаңында БАҚ өкілдерімен кездесу өтті.

ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы Мақсат Қуанышұлы мен қалалық "Төлеубек қажы" мешітінің бас имамы Ұлан Ермекұлы Семей тұрғындарын Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Баспасөз мәслиханында өкіл имам: «Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген: «Малдың жақсысы мен тәуірін құрбандық ретінде таңдаңыз. Өйткені, ол «Сырат» көпірінде сізге көлік болады»»— дей келе, асыл дінімізде ерекше тұтатын қасиетті Құрбан айт мерекесінің мән-маңызы туралы кеңінен ақпарат берді. Сондай-ақ, өкіл имам аталмыш мейрам күндері мешіт ұжымының ұйымдастыруымен өткізілетін мерекелік шараларға тоқталды. Өңірдің бас имамы құрбан айт ұлттық мейрам санатына қосылғанын атап, халықты адалдыққа, мейірімділікке, қайырымдылыққа, ынтымаққа үндейтінін тілге тиек етті.

Айтулы мейрамның мәртебесін биіктете түсу үшін отбасыларыңызға сыйлық жасап, балалардың көңілін тауып, мейрамның қадір-қасиетін кеңінен насихаттау керектігін де жеткізді. Биылғы жылғы Құрбан айт намазы Семей аймағы бойынша 1 қыркүйек  күні  сағат 07:00-де оқылады. Кездесу соңында өкіл имам БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру