Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талапкерлер емтиханда бақ сынады

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 28.08.2017 3512 0 пікір
Талапкерлер емтиханда бақ сынады

Кеше «Ақтөбе медресе-колледжінде" жаңа оқу жылына талапкерлерді қабылдау емтиханы өтті. Оған ҚМДБ-ның Білім және ғылым бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Бейсенбаев пен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрлыбек Күзенбаев қатысты.

Үш пән бойынша өткен қабылдау емтиханына барлығы 31 талапкер қатысты. Олардың әрқайсысы қазақ тілі, қазақстан тарихынан тест тапсырмаларын орындап, шығармашылық пәннен ауызша емтихан тапсырды. 

Медресе директоры Әбдімүтәліп Дәуренбековтың айтуынша, биылғы оқу жылына барлығы 25 мемлекеттік грант бөлінген. Емтиханда ең үздік көрсеткіш көрсеткендер ғана тізімге ілігіп, тегін оқуға мүмкіндік алмақ. Десе де, талапкерлерден ай соңына дейін құжат қабылданады. "Өткен оқу жылында ғана колледж мәртебесін иеленген медресеге оқуға ниет білдіргендердің арасында жергілікті тұрғындар ғана емес, Қызылорда, Шымкент, Атырау, Орал қаласынан келіп, бағын сынап көріп жатқандар баршылық," - дейді ұстаздар. 

WhatsApp Image 2017 08 25 at 23.57.33

 

WhatsApp Image 2017 08 25 at 23.57.48

 

WhatsApp Image 2017 08 25 at 23.58.27

 

WhatsApp Image 2017 08 25 at 23.58.29

 

WhatsApp Image 2017 08 25 at 23.58.30

 

WhatsApp Image 2017 08 25 at 23.58.31

 

WhatsApp Image 2017 08 25 at 23.58.291

 

WhatsApp Image 2017 08 25 at 23.58.391

 

WhatsApp Image 2017 08 25 at 23.59.15

 

WhatsApp Image 2017 08 25 at 23.59.35

 

WhatsApp Image 2017 08 25 at 23.59.58

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру