Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе өкілдігі 100 баланы жаңа оқу жылына дайындады

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 28.08.2017 3502 0 пікір
Ақтөбе өкілдігі 100 баланы жаңа оқу жылына дайындады

Діни басқарманың тапсырмасына сәйкес республикалық «Мектепке жол» акциясы мешіттерде жыл сайын жүзеге асырылып келеді. Игі үрдіс биыл да жалғасын тауып, Ақтөбе өкілдігі 100 баланы жаңа оқу жылына дайындады. Кеше «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің наиб имамдары көмекті балдырғандардың өз қолына табыстады.

Әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасынан шыққан барлығы 100 балаға қаржылай көмек, мектеп сөмкесі мен оқу құралдары, сондай-ақ, киім-кешектер берілді.

Су жаңа сөмкесін иығына асып, оқу құралы түгенделіп, жүзіне шаттық ұялаған балғындардың ата-аналары да, мектептегі әлеуметтік педагогтары да өкіл имам Төлеби Оспан бастаған мешіт ұжымына, әсіресе, акцияға жауапты қызметкерлер Мәжит Әбішев пен Кенжегүл Қошқароваға шексіз алғыстарын айтты. 

WhatsApp Image 2017 08 26 at 00.02.07

 

WhatsApp Image 2017 08 26 at 00.03.02

 

WhatsApp Image 2017 08 26 at 00.05.01

 

WhatsApp Image 2017 08 26 at 00.06.55

 

WhatsApp Image 2017 08 26 at 00.04.39

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру