Қасиетті құрбан айт мерекесіне орай облыстық «Қазақстан-Орал» телеарнасының ғимаратында ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен барша мұсылманның ұлық мейрамы Құрбан айтқа байланысты дайындық жұмыстары туралы баспасөз мәслихаты болып өтті.
Айт күні - аса салтанатты, қуанышты күн. Әр иманды адам осы қасиетті күнге ерекше дайындалып, оны мейрамдап өткізсе нұр үстіне нұр. Айт арабтың – «әл ғ’ид» деген сөзі «мейрам», «мереке» деген мағына береді.
Пресс-конференцияда облыстық орталық мешітінің Бас имамы Руслан қажы Сұлтанов: Алдымен исі мұсылман жамағатын Қасиетті құрбан айт мерекесімен құттықтап, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының ыстық сәлемін жеткізіп, тапсырған тапсырмасына орай ұлттық нақышпен өткізетіндігін жеткізді.
Алла қаласа 31 тамыз күні облыстық орталық мешітінің алаңында спорттық шара өтетіндігін айтып, асық ату, тоғыз құмалақ, балуандар күресі т.б. шаралардың болатындығын жеткізді.
Пресс-конференцияға облыстық діни істері басқармасының қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.
Облыстық «Қазақстан -Орал», «ТДК-42» телеарналарына ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан қажы Тыныштықұлы «Құрбан айт» жайында сұхбат берді.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Нұрлан САМАТҰЛЫ
28.08.2017
2918
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру