Бүгін 2 мыңға жуық жерлесіміз қасиетті Мәдина шаһарына табан тіреді. Отандастарымызды әуежайдан күтіп алу, қонақ үйлерге орналастыру, қасиетті орындарға зиярат жасау, т.б. ұйымдастыру жұмыстарын Қазақстан қажылық миссия өкілдері жүзеге асыруда.
«Қажылық миссиясының негізгі құрамы екі топқа бөлініп, өздеріне берілген тиісті тапсырмаларды орындауда. Топ мүшелерінің дер кезінде бір-біріне хабарласа алатын ортақ байланыс жүйесі бар. 17 турфирмаға бекітілген 17 дәрігер қажылардың денсаулығын жіті қадағалауда», – деп атап өтті Қажылық миссиясының жетекшісі Бейбіт Мырзагелдиев.
Кеше Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері қажылар орналасқан қонақ үйлерді аралап, уағыз айтып, жерлестеріміздің жағдайымен танысты. Сонымен қатар, ҚМДБ-ның турфирмаларға қойған талаптарының орындалу барысы да тексерілді.

















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
25.08.2017
3333
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру