Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскеменде өкіл имам баспасөз мәслихатын өткізді (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінң баспасөз қызметі 25.08.2017 3200 0 пікір
Өскеменде өкіл имам баспасөз мәслихатын өткізді (ФОТО)

 Күллі мұсылман баласы асыға күткен қасиетті Құрбан айт мейрамына байланысты ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы өңірде «Шығыс Қазақстан аймақтық коммуникациялар қызыметінде» баспасөз мәслихатын өткізді. Басқосуға аймақтық БАҚ өкілдері жиналды.

 Ермек қажы Тасболатұлы: «Бәрімізді Құрбан айтқа аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мақтаулар болсын! Алланы бір, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарды хақ деп білетін мұсылман баласы  Алла Тағаланың разылығы үшін құрбанға мал шалынып, кең дастарқан жайылып, қуанышқа бөленетін ұлық мейрам ырыс пен берекенің бастауы» дей келе, ұлық мейрамның маңыздылығына тоқталды. Құрбан айттың шын мәніндегі халықтық сипаттағы мейрам екендігін жеткізе отырып, бұл күні атқарылатын рухани шаралар туралы баяндады.

 Ол сонымен қатар Өскеменде биыл алғаш рет ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти хазіреттің жүлдесі үшін өтетін аламан бәйге туралы да құлақтандырды.

 Ең бастысы құрбан шалатын орынның реттілігі мен тәртібіне баса назар аударамыз деп түйіндеді. Ол сонымен қатар БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру