Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қажылар соңғы сапар дәмімен бөлісті

Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі 25.08.2017 4807 0 пікір
Қажылар соңғы сапар дәмімен бөлісті

Бағзы заманнан ата-бабаларымыз қажылық сапарын – адамның тірі күніндегі соңғы сапары деп білген. Сондықтан да, қажылық сапарына шығарда барлық қарыздарын төлеп, ағайын-туыс, жақын-жұрықтарынан біліп-білмей ренжіткен жерлері болса кешірім сұрап аттанатын болған.

Бүгінде Алматы қаласынан аттанған қажылардың соңғы тобы да дәстүрден аттамады. Қажылар өз жағдайларын түсіндіруге сөз таппай жауапсыз күйде қалып жатты. Солардың қатарында Мейрамбек атты бауырымыз: «Қажылыққа дайындықты көргенде адамның ең бірінші ойына келетіні Меккеде қалу немесе қайта елге оралу болады екен. Мекккеде шахидтік мәртебені алып қалудан асқан бақыт бар ма? Алайда Отбасыңды қия алмайсың, оралғың келеді. Қасымдағы 95 жастағы ақсақалдың ынтасына қарап сабырға келемін. 95-те болса да бір адамдай қажылық жасап қайтатынына сенімді. Ендеше, Аллаға тәуекел етемін. Қажылық адамның тәуекелін шыңдайтын сапар екен»,-деп өз жағдайын жеткізді.

Алматы орталық мешітінің Бас имамы Нұрбек қажы Ауесханұлы: «қажылардың бірі, Дияс атты бауырымыз: «Алла біледі, Қажылық сапарым соңғы сапарым шығар? Соңғы сапар алдында жақсылық жасап қалайын»,- деп, Мешіт ауласына халық игілігіне таза су ішетін құрылғы орнатып беріп жатыр», деді -деп хабарлайды Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Мінекей, Қажылар тілегі шейт болу болса, Елдің, біздің ниетіміз қажыларымыз елге анадан жаңа туғандай күнәларынан тазарып, Елімізге Қағбаның нұрын төксе екен деген тілек! Алла қажыларымыздың құлшылығын қабыл еткей!

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру