Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкілдік пен әкімдік бірлесіп жиын өткізді (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 24.08.2017 3504 0 пікір
Өкілдік пен әкімдік бірлесіп жиын өткізді (ФОТО)

  ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі мен Өскемен қаласы әкімдігінің жұмыс тобы  Құрбан айтқа байланысты Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде жиналыс өткізді.

 Жиынға әкімдіктің ішкі саясат, ТҮКШ, сауда, мәдениет бөлімдерінің басшылары мен мамандары қатысты. Басқосуда қасиетті Құрбан айт мейрамына дайындық мәселелері пысықталды.

 «Биылғы Құрбан айтты жаңаша, тың бағытта, ұлттық нақышта өткізуді жоспарлап отырмыз. Өкілдіктен жалпы халықты қамтыған руани-мәдени  шаралар өткіземіз. Қайырымдылық мәселесін де басты орынға қойдық. Облыс, қала басшылығы біздің барлық бастамамызды қолдап, қол ұшын беруде» - деп атап өтті ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы.

 Ол сонымен қатар құрбан айтқа байланысты Өскемен қаласында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти хазіреттің жүлдесі үшін аламан бәйге және ұлттық ат спорты ойындарының өтетіндігін жеткізді.

 Ал қала әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің басшысы Ерболат Ошақбаев құрбан айт күні өтетін шаралар мен құрбан шалатын орынның әзірлік барысы туралы баяндады. Арнаулы мәселелер бойынша бөлім басшыларына нұсқаулар берді.

 «Құрбан айт мейрамын жоғарғы деңгейде өткізу бәрінен маңызды. Бұл біздің халқымыздың асыға күтетін мерекесі. Құрбан айттың ел бірлігін арттырудағы орны ерекше» - деді, ол сөз барысында.

 Осылайша, Өскемен өңірінде қасиетті Құрбан айт мейрамына әзірлік  тыңғылықты жүрілуде.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру