Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шаштараз мамандары оқушылардың шашын тегін қиып берді

"Нұр Астана" орталық мешітінің баспасөз қызметі 24.08.2017 4254 0 пікір
Шаштараз мамандары оқушылардың шашын тегін қиып берді

Бүгін корпоративтік «Зекет» қорының Астана қаласы өкілдігінде жыл сайынғы «Мектепке дайындаламыз» қайырымдылық акциясы өтті.

Шараға әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балалары қатысты. Кәсіби шаштараздар оқушылардың шашын қиып берсе, олардың аналарына тырнақ өңдеуші мамандар тегін маникюр жасады.

-Бұл игі істі дәстүрлі түрде жүргізіп келеміз. Шаштараз шеберлерінен шаш қидыруға мектеп жасындағы ұл-қыздарды ғана емес, қаржылай қиындыққа тап болған ересектерді де шақырдық. Жиналғандардың таңдауына қарай шаштараз ең қарапайым шаш үлгілерінен бастап күрделі түрлеріне дейін жасай алады. Шаш алдыру – адамдарға қашан да жаңа көңіл-күй сыйлағандықтан, шара қатысушылардың көңілінен шығып жатыр, - дейді ұйымдастырушылар.

Акцияға 50-ден аса отбасы мүшелері, яғни балалар мен ата-аналары, оған қоса 10 шақты зейнеткер қатысып, ризашылығын білдірді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру