Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

300-ден аса балаға көмек көрсетілді

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі 24.08.2017 3593 0 пікір
300-ден аса балаға көмек көрсетілді

 Қайырымдылық жасап, мұқтаждың қажетін өтеу – сауапты істердің бірі. «Алланың жолында не жұмсасаңдар да, Алла тағала міндетті түрде оның орнын толтырады» демекші, сауапты істердің басы-қасынан табыла біліп, қолға алу жыл сайын дәстүрге айналып келеді.

Атап айтқанда, жылдағы дәстүр бойынша ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізді.

Шараға қатысқан бас имам Талғат Сейіткәрімұлы қатысушыларға мешіт тарапынан жасалатын қамқорлықтың мәнін түсіндіріп, бүлдіршіндерге жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, қашанда жақсылықтың жаршысы болып, қайырымдылық шараларына белсене атсалысып жүрген бірқатар кәсіпкерлер мен қызметкерлерге, мекеме қызметкерлеріне алғысын жеткізді.

Шара аясында қаладағы көп балалы аналар мен жалғызбасты аналар, тұрмысы төмен отбасыларға көмек қолы созылып, барлығы 300-ден аса балаға мектеп сумкасы мен мектеп құрал жабдықтары үлестірілді. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру